Елімізде жұмысшы мамандарды даярлау бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады

Бұл үшін оқу бағдарламасына да өзгерістер енгізілді. Осы арқылы еңбек нарығына сапалы әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау жолға қойылмақ. Бұл туралы жастарды жұмыспен қамту тақырыбына арналған халықаралық жиында айтылды. Шараға Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясы, көршілес елдердің мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіби біліктілік саласындағы сарапшылар қатысты. Басқосуда жас мамандардың білім-біліктілін арттыру, оларды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. 

Ернат Жүнісов, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры:

- Кәсіптік стандарттар барлық елдерде 5 бағыт бойынша анықталды. Бірінші, транспорт-логистика саласы бойынша, екінші тұрғын-үй мәселесі, содан кейін IT мәселе. Тағы да 3 бағыт бар. Сол бағыттар бойынша біз кадрларды бір бағытта дайындауды жүзеге асырып жатырмыз.