ШҚО-да Достық үйлерінің конгресі өтіп жатыр

Өскеменде тұңғыш рет республикалық Достық үйлерінің конгресі өтіп жатыр. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының әр өңірден келген 100-ден аса мүшесі ортақ мәселелерді бірлесе талқыға салды. Цифрлық форматтағы жұмысты жандандырып, Ассамблея жобаларын әлеуметтік желіде насиаттау жайы айтылды. Сондай-ақ этносаралық қарым-қатынасты нығайтып, талантты жастарды Ассамблея құрамына тарту мәселесі көтерілді.

Нұрия Көбенова, Павлодар облыстық достық үйінің директоры:

- Достық үйлері бір мақсатта, бір бағдарда жұмыс жасаймыз ғой. Өйткені бәріміз мемлекеттік бағдарламамен жұмыс жасаймыз. Біздегі ерекше жобалар оларда жоқ шығар. Тәжірибе алмасу ретінде бүгін міне мынадай площадкалар ұйымдастырылып жатыр.