Астанада БАҚ өкілдеріне арналған 3 айлық курс басталды

Оған жергілікті органдар мен мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың баспасөз  қызметтерінен 60 адам қатысып жатыр.

Жиынның ашылуында Мәдениет және Ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов сөз сөйлеп, баяндамасын оқыды. Ол баспасөз қызметтерінің жұмыс қағидаттары, халықаралық тәжірибеге сүйену, тиімді коммуникация орнату сынды өзекті мәселелерді тілге тиек етті.