Оралда еріктілер орталық алаңды тазалады

Оралда студенттер мен еріктілер орталық алаңды тазалады. Жасөспірімдер қалалықтардың сүйікті демалыс орнына айналған шағын скверді мұнтаздай етті.

Шашылған қоқысты жинап, бағаналарға жазылған жарнамалық жазбаларды өшірді. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған акцияға тәртіп сақшылары да қатысты. Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық мүлікті бүлдіруге болмайтынын ескертті. Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасап, көшені ластаған 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Азиза Матиакупова, ерікті:

- Дем алатын қоғамдық орындар бар. Солардың таза болғаны өте жағымды және өзіміздің қаламызды жақсы көргендіктен тазартып отырамыз. Туристер келгенде қоқыс шашылып жатса оларға ұнамауы мүмкін дегендей. Алдағы уақытта тазалық жұмыстарын жалғастырамыз деген ойдамын.

Нұрбек Түрікпенов,  учаскелік инспектор:

- Қоғамдық орындардағы тарихи және мәдени мұра нысандарына, табиғи обьектілерге зиян келтіру заңмен тиым салынған әрекет екенін ескерткім келеді. Бұл үшін ҚР ҚК 294 бабы яғни вандализм, сонымен қатар әкімшілік  құқықбұзушылық кодексінің 234 бабы ұсақ бұзақылыққа әкеп соғатынын ескерткіміз келеді. қала қонақтарына және қала тұрғындарына, ата-аналарға балаларына қатаң қарапескерту айтып үйінде профилактикалық әңгіме жүргізуді сұраймыз.