Биыл кәсіпорындардың 23%-ы цифрланады

Елімізде жыл аяғына дейін цифрландырылған кәсіпорындар үлесі 23 пайызға жетеді.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елордада өткен "демо дей" шарасында хабарлады. Жиында компания өкілдері кәсіпорын жұмысына енгізілген цирфлық жүйенің артықшылығы турасында ойларын ортаға салады. Еске салсақ, мемлекет басшысы маңызды стратегиялық мақсат қойып, Қазақстан үш жылда жаппай цифрлық ел болу керектігін айтқан еді. 

Азамат Панбаев,  ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы:

- Бірінші бағытта жүйелі шаралар ЖИ енгізу бойынша. Ол салықтық жеңілдіктер, кедендік БАЖ-дардан босату немесе заңнамада әзірленетін өзгерістерді таныстыру. Кәсіпорындар болады. Солар өздерінің шешімдерін таныстырады. Шараның жалғасы ретінде басқа да ой алмасу, пікір алмасу, әркім өз тәжірибесімен алмасу көзделген.