Almaty Superski жобасы бекітілді
Almaty Superski демалыс орнының жаңартылған жоспары бекітілді.
Жаңа жоба Алматы тау шаңғысы кластерін дамытуды көздейді. Бұл жайлы премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Kazakh Invest Development Ltd.-ның директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Жобада жаһандағы 120-дан астам демалыс орындарының озық үлгілері қамтылған. Меже орындалса, аймақтың қысқы туризм орталығы ретіндегі халықаралық имиджі беки түспек. Жиын соңында үкімет басшысы жауаптыларға нысанды салу кезіндегі экологиялық нормаларды сақтауды тапсырды.