Жыл басынан бері 300 мың қазақстандық онлайн оқудан өткен

Жыл басынан бері 300 мың қазақстандық «Скиллс Еңбек» флатформасы арқылы онлайн оқудан өткен. 

Оның 47 мыңнан астамы жұмыссыз азаматтар. Осылайша онлайн-курс арқылы әр қайсысы сертификатқа ие болды. Ал флатформа іске қосылғалы бері білім алғандардың саны 700 мыңнан асады. Оқуды аяқтағандардың басым бөлігі Түркістан, Қызылорда, Алматы мен Шымкент қалаларының жастары. Сайтта бас-аяғы мыңнан астам курс жарияланған. Оның 340-ы тегін. Тамыз айындағы ең көп сұранысқа ие сабақтардың алдын Электрондық еңбек биржасы, Кассир, Сақтандыру агенті, Тігін тігу бастап тұр екен. Аталған платформаның басты мақсаты азаматтардың білім алып, кәсібилігін арттыруға бағытталған. 

Skills Enbek
• Жыл басынан оқығандар – 297,4 мың
• Олардың ішінде жұмыссыздар – 47,5 мың
• Жастар – 13,3 мың
• Платформа іске қосылғалы оқығандар – 708,3 мың