Елде 770-тен астам колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандарын даярлайды

Бүгінде елде 770-тен астам колледж техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандарын даярлайды. Әсіресе, өңірлерде жұмысшы мамандықтарға қызығушылық артып келеді. Мысалы, Ақтөбе облысында колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға 900 млн теңге бөлінді.

Жаңа оқу жылында жұмысшы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау саны екі есе артты. 

Ғалия Жұмағазина, Ақтөбе Автомобиль-жол колледжінің директоры:

- «Техник-механик» және «техник-электромеханик» мамандықтарында сұраныс көп болды. Бұл мамандықтар бойынша бізде бір орынға үш адамнан келді. Осы мамандықтарға түспегендер басқа мамандықтарға қабылданды.

Рахметолла Әбуов, колледж директорының орынбасары м.а:

- Біз қазір автомобиль жолдары мен әуе айлақтарын салуға арналған жабдықтарды күтіп жүрміз. Бұл шағын зертханалар, сонымен қатар оқу үшін қажетті стендтерді жасауға қажет. Біз шеберхана ашып, онда заманауи электромобиль орнатуды жосапарлап отырмыз.

Биыл облыс колледждеріне түсетіндерге 7390 грант бөлінді. 4 мыңнан астам мектеп түлегі ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету саласы және техникалық бейін сияқты бағыттарды таңдады. Еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, өңірдегі екі колледжде жаңа мамандықтар ашылды. Олар флористерді, қонақ үй бизнесі саласындағы мамандарды және тамақтану саласында қызмет көрсететін мамандарды оқыта бастады.

Бұлбұл Күзембаева, Ақтөбе облысының Білім басқармасының басшысы:

- Өткен жылмен салыстырғанда биыл жұмысшы мамандықтарға екі есе көп грант бөлінді. Өткен жылы 2000-нан астам орын болса, биыл жұмысшы мамандықтарына 4325 орын берілді. Айта кету керек, біз мемлекеттік тапсырысты 100% игердік.