Астанада «Көш» ойынынан турнир өтіп жатыр
Астанада журналистер арасында ұлттық «Көш» үстел ойынынан турнир өтіп жатыр.
Қазақтың көшпелі өмір салтын бейнелейтін бұл ойын бір жыл бұрын бас қаладағы медиа-орталықта бастау алған. Қазір үлкеннің де, кішінің де қызығушылығын тудырып, халықтық сыйпат алды. Ал бүгінгі бәсекеге 22 команда қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздарға 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтар мен кубоктар табысталады. Турнир Қазақстан Парламенті Мәжілісінің қолдауымен өтіп жатыр.
ЕРТАС ЖАҚЫПБАЙ, ОЙЫННЫҢ АВТОРЫ
- Қазақ халқының ұлттық ойыны - асықты жаңғыртып, үстел ойынына енгіздік. Жаңа бағытқа бұрып үш жаңа ойын жасап шықтық. Олар Аударыспақ, Ерім, Тайжарыс деп аталады. Тайжарыс - логопедиялық ойын. Ал аударыспақ балалабақша жасындағы балаларға арналған. Ол бүлдіршіндердің моторикасын дамытуға бағытталған.