Ақтөбе облысында кәсіподақтар тазалыққа үлес қосты
Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының Ақтөбе облыстық филиалы мүшелері экологиялық акцияға белсене қатысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Ақтөбе қаласындағы Жеңіс алаңын қоқыстан тазартты. Бұл жолғы сенбілікке 60-тан аса кәсіподақ мүшесі қатысты. Олар алаң аумағын қоқыстан арылтып қана қоймай, тұрғындарды қоршаған ортаны аялауға шақырды.
Тұрақбай Сұлтанғалиев, Ауыл шаруашылығы Еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы:
- Тазалық – денсаулықтың кепілі дегендей, қаламызға тазалық жасап, қоқыстардан тазарту жұмысы жүргізіліп жатыр. Енді барлық қазақстандықтарды, соның ішінде біздің ақтөбеліктерді қаламызды таза ұстауға шақырамын.