Блиц-сауалнама: Еңбек күні туралы не ойлайсыз?
Еңбек – ел дамуының басты тірегі. Әр мамандық иесінің маңдай терімен атқарған ісі – халықтың тұрмысына қосылған үлес. Ендеше дәл қазір әлеуметтің пікірін тыңдайық.
- Менің әке-шешем осы теміржол саласында жұмыс істеп келді. Қазір олар деген пенсияда. Оларды шын жүректен құттықтаймын. Халқымыз аман болсын.
- Менің әкем өмір бойы құрылыс саласында істеді. Әкемді сол мейраммен құттықтап өтсем деп, бәріне, қазақстандықтарға сәлем айтамын.
- Әкеме алғыс айтқым келеді. Бізді еш қамсыз өсіп-жетсін деп өмір бойы мұнайшы боп, талмай еңбек етті. Еңбек күні әкемнің мерекесі деп білемін.
- Папамыз бас инженер болып істеген. Мамам завхоз болып істеген өмір бойы. Сөйтіп, бізді, бес қыз екі ұлды асыраған. Соларды шын жүректен Еңбек күнімен құттықтағым келеді.
- Мұғалім болсын. Автобус жүргізушісі болсын, бар мамандықтар маңызды деп ойлаймын. Мен бүкіл Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтаймын.
- Еңбектен шаршамаңыздар. Береке берсін. Аман болыңыздар, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!