Масылдық — қоғамға ауыр жүк. Блиц

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі әлеуметтік саясаттың ахуалына тоқталып, оны түбегейлі қайта қарау қажет деді.

Шектен тыс жеңілдіктер мен жүйесіз төлемдер мемлекет қаржысын тиімсіз жұмсауға себеп болып отыр, тіпті қоғамда жеңілдіктерді алып беремін деп «көмек қолын» созатын жылпостар да көбейді, деді Президент. Бұл туралы азаматтар не ойлайды? 

БЛИЦ:

- Дұрыс емес деп ойлаймын. Әр адам өзі жұмыс істеуі керек. Тірлік істеуі керек. Табыс көзін іздеу керек. Біреуге сеніп, мемлекетке қарап отырған дұрыс емес деп ойлаймын.

- Ондай адамдар жұмыс істегісі келмейді. Мен кезінде базарда сауда жасап жүргенде көмек сұрайтындарды көп көрдім. Бірақ олардың жағдайлары менен жақсы болатын. Менің ойымша, ондай адамдарға көмектесуге болмайды. Өздері еңбекпен табыс тауып үйренуі керек.

- Әрине ұят. Үлкен адамдар. Аяқ-қолы сау. Денсаулықтары бар. Оларға баруға мүлде ұят қой әрине. Дені сау адамдарға қандай көмек сұраған?