Қостанайда қар жауды
Бүгін Қостанай облысында қар жауып, жұртты әбігерге салды. Бірнеше жерде электр сымы үзілді.
Қардың салмағына шыдамаған ағаштар құлап, 10 көлікке зақым келді. Қала сыртындағы жолдарда 9 көлік тайғанақтап, жол жиегіндегі сайға түсіп кеткен. Абырой болғанда ауыр жарақат алғандар жоқ. Қазіргі кезде ауа-райының тосын мінезінің зардабын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Синоптиктердің болжамынша облыстың үш ауданы мен Қостанайда қар аралас жаңбыр кешке дейін жауады.