LRT қауіпсіз көлік санатында – мамандар

LRT қауіпсіз көлік болып саналады. Мамандар осылай деп отыр. Ал бүгін сынақ ретінде іске қосылғандықтан оның техникалық дайындығы мен қозғалыс қауіпсіздігі жіті тексерілмек, деп хабарлайды 24kz.

Жеңіл релсті көлік толығымен автоматтандырылған. Жабдық пен инфрақұрылымды кешенді сынау кемінде алты айға созылады. Пойыздар бастапқыда сағатына 10 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Сынақ кезеңінде жылдамдық кезең-кезеңімен артады.

«Бұл қауіпсіздікті одан әрі арттыру үшін маңызды», - дейді мамандар. Айта кетерлігі, эстакадаға және жол желісіне кіруге қатаң тыйым салынған. Себебі байланыс желісі 750 вольттан жоғары кернеумен жабдықталған.

Оңдабек Рабат, Халықаралық көлік академиясының академигі:

- Қауіпсіздік барлығы стандартқа сай жобаланды ғой. Астана LRT-сы қауіпсіздігі бірнеше деңгейде қамтамасыз етіледі деп ойлаймын. Жобалаудан бастап құрылыс, пайдалану кезеңі, эвакуациялық мүмкіндігі, бәрі қарастырылған ғой. Астана салқын ғой, соған климаттық бейімділігі және басқаруы автоматтандырылған. Өте пайдалы.