Alatau City өңірдегі толық цифрланған алғашқы қалаға айналады
Alatau City-ді дамыту жөнінде арнайы кеңес құрылады. Елдегі алғашқы цифрлық қала болатын Алатауда 4 қалашық бой көтереді, деп хабарлайды 24kz.
Бірі қаржы және іскерлік орталығы болады. Ғылым-білім нысандары және тамақ өнекәсібі екінші қалашыққа шоғырланады. Одан бөлек, өндіріс пен логистика өз алдына қалашық болса, туристік ойын-сауық орталығы бөлек орналасады. Алматы облысына жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев қаланы дамыту жоспарымен танысты.
Ардақ Айбарұлы, тілші:
- Президент өткен аптада Алатау қаласына айрықша мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлығықа сәйкес қаланы дамыту жөніндегі кеңес құрылып, жыл аяғына дейін Парламентте конституциялық заң жобасы әзірленеді.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
- Үкіметке, әкімшілікке, басқа мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма берілді, талаптар қойылды. Ең бастысы, осы жерде жаңа қор құрылатын болады. Қордың негізгі функциясы болады. Ол мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыны аккумулировать етіп, тиісті сарапшылар, халықаралық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып, жаңа реттеу нормаларын енгізу деген. Осы қаланың деңгейінде реттеудің жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Қазақстанда болмайтын тәсілдер болады.
Қазақстан тарапынан жаңадан салынған ғимараттардың сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі мәселелері ғана тексеріледі. Бұл өз кезегінде құрылыс мерзімін барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Алатау қаласынан бизнес орталығын салуға 800 млн доллар бөлу көзделіп отыр. Сол арқылы 6 мыңдай адам уақытша жұмыспен, ал құрылыс аяқталған соң 1900 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар мұнда туризм орталығы бой көтереді.
Мирас Құттыбаев, инвестор:
- Сондай-ақ Голденнен бізде кейпарк салынады. Бұл кәрістердің қазақ халқына алғысы ретінде, кәріс халқының осы Қазақстанға көшкеніне 90 жыл болуына орай 2027 жылы ашылады. Мұның барлығы осы біздің кәріс халқының Қазақстан халқына алғысы ретінде салынып жатқан ғимарат.
Alatau City өңірдегі толық цифрланған алғашқы қалаға айналады. Онда Smart City технологияларымен қатар тауарлар мен көрсетілетін қызмет ақысын криптовалютамен төлеу жүйесі енгізіледі. Ол үшін жаңа банк пен криптовалюта биржасы құрылады. Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында әлемнің жетекші компанияларымен келісімшарттар жасалғаны белгілі.
Әркен Өтенов, қала әкімі:
- Атап айтсақ, мына бізде американдық үлкен ірі компания 80 миллиардқа жуық үлкен инвестиция құяды. 500-ден астам жұмыс орындарын ашады. Оның басты өндіретін өнімі ол мына картоптан чипсы жасау. Сонымен бірге мына транспорттық логистика саласында да бірнеше компания өздерінің жұмыстарын бастап кетті.
Еліміздегі жаңа іскерлік-инновациялық орталыққа айналатын Алатау қаласы болашақта тікелей Үкіметке бағынады. Ендігі міндет – жаңа қаланың мықты институционалдық негізін қатыптастыру.
Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбаев, Аманжол Жөңкешов