Астанада көлік кептелісі ЖИ көмегімен азайтылмақ

Астанада көлік кептелісін азайту үшін бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асуда, деп хабарлайды 24kz.

Жасанды зердеге негізделген Aimsun жүйесі қозғалысты болжауға мүмкіндік берсе, жаңа LRT желісі басты көшелердегі кептелісті сейілтеді. 

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Елордада көлік кептелісі әлі де өзекті мәселелердің бірі. Таңғы және кешкі сағаттарда кей көшелерде қозғалыс тұралап қалады. Әсіресе, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел, Тұран, Сарайшық және Бауыржан Момышұлы көшелерінде. Айта кетейік, ресми деректерге сәйкес елордада 1,4 миллион адам тұрады. Ал тіркеусіз тағы шамамен 400 мыңдай тұрғын бар.

Блиц 1:

- Жаңа вокзал жаққа келе жатқанда кептеліс болады. Жол жөндеу жұмыстарына байланысты.

Блиц 2:

- Алматыға қарағанда Астанада көлік кептелісі жиірек кездеседі. Себебі бас қалаға көшіп келетіндер көп. Сағат кешкі 18.00-де қозғалыс тұралыап қалады.

Блиц 3:

- Таңертең болады, мына Сығанақ көшесімен жұмысқа бара жатқанда. Таксимен жүргенде жұмысқа кешігеміз.

Блиц 3:

- Таңертең сағат 08:00-10:00-ға дейін кептелеіс болады. Себебі адамдар сабаққ,а жұмысқа барады сол уақыттарда.

Блиц 3:

- Сол жағалауда, Мәңгілік ел, Қабанбай батыр көшелерінде кептеліс көп. Адам саны көбейіп жатыр, сол себепті. Барлығы жұмыс істеуге Астанаға келеді.

Енді әкімдік бұл мәселені ЖИ көмегімен шешпек. Яғни, көлік ағындарын модельдеу және болжау үшін Aimsun жүйесін енгізуде. Бұл жоба жол қозғалысын цифрлық үлгі бойынша оңтайландырады. Сондай-ақ кептелістерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Цитата: Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Көлік саласында машинистің қатысуынсыз пойыздардың қозғалысын толықтай автоматты басқаруды көздейтін GoA-4 ең жоғары автоматтандыру деңгейіндегі LRT басқару жүйесі қалыптастырылуда. Сондай-ақ көлік ағындарын модельдеу және болжау үшін машиналық оқытуды пайдаланатын Aimsun жүйесі енгізілуде. Бұл кептелістердің алдын алуға және жол қозғалысын цифрлық үлгі негізінде оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 15 қыркүйектен бастап Астана әкімдігінің қызметі мен қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-ға ауысты. Ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертілді.

Цитата: Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді. Бұл шара жол қозғалысы жүктемесін азайтуға және көлік ағындарын оңтайландыруға бағытталған. Өзгерістер негізінен қаланың орталық аудандарында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты.

Аталған шаралар таңғы уақытта көлік ағынын теңдей бөлуге және қаладағы ең көп көлік жүретін магистральдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жерүсті көлігі іске қосылса, Сығанақ, Шәмші Қалдаяқов көшесі және Қабанбай батыр даңғылындағы кептелістерді азайтуға болады. Себебі LRT-ның алғашқы желісі дәл осы көшелер арқылы өтеді.

Авторлары: Наргиз Бекмаганбетова, Ырыстанбек Оспанов