Сарапшы: Жаңа станциялар қажет

Тариф бағасын көтеру арқылы жылу көздерін жөндеуге 400 миллиард теңге жиналды.

Бұл қаржы былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға артық. Қазір салаға инвестиция тартып, жаңғырту жұмыстарын жалғастыра беру керек. Бірақ тұралап қалуға болмайды. Алдағы уақытта заманауи станцияларға қажеттілік туындауы мүмкін. Сарапшылар осылай дейді.

Марат Қалменов, Электр энергетикасын дамыту институты департаментінің басшысы:

- Жөндеу жұмыстарына қанша қаржы жұмсалса да мәселе бірден шешілмейді. Себебі 20-ғасырдан бері келе жатқан технология мен жүйені жаңғырту мүмкін емес. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағытда да жағдай мәз емес. Сондықтан жаңа заманауи станциялардың құрылысын қазірден  бастау қажет.