Елде «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы басталды
«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейін road-эстафетасын бастады. Бір аптаға жалғасатын ауқымды шара барысында қатысушылар мегаполис пен сыр өңірін жалғаған 1000 шақырымнан аса жолды еңсереді.
Олар тазалық жұмыстары жүргізіп, жол жиегін, автотұрақтар мен кемпинг аумақтарын қалыпқа келтіреді. Мұнымен қоса Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында арнайы кездесу ұйымдастырылмақ. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының 1000-ға жуық белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акциясының басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғатқа құрметпен қарауға үндеу.
Ақерке Ескендірова, «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы:
- Эстафетаның ерекшелігі бұл жерде тек қоқыс жинамай, Президент үнемі айтып жүретін экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Жастарға, азаматтарға оның маңыздылығын түсіндіру аясында аудандарға барып, тұрғындармен жұмыс өткіземіз. Сонымен қатар партияның депутаттары аудандарда азаматтарды қабылдау өткізеді.