Қазақстанда адам саудасы бойынша 33 іс тіркелді
Елде жыл сайын адам құқығына қатысты 150-ге жуық қылмыстық іс қозғалады, деп хабарлайды 24kz.
Биылғы көрсеткіш еселенуі мүмкін. «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заң қабылданғалы статистика нақтылана түсті. Ішкі істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері заңсыз еңбекке жегу бойынша 1, ағза сату бойынша 7, жыныстық құлдыққа тарту бойынша 19, жалпы адам саудасы бойынша 33, ал жеңгетайлық бабымен 81 іс қозғалған. 101 адам сотталды.