Елімізде ЖИ-ге маманданған жаңа зерттеу университеті құрылады
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды 24kz.
«Оқу орнына арнайы мәртебе берген жөн», - деді Президент. Бастамаға әлемнің үздік университеттерін серіктес ретінде тарту қажеттігін алға тартты. Үкімет жыл соңына дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныс беруі тиіс. Мұндағы мақсат – экономиканың барлық саласына ЖИ технологиясын енгізетін білікті мамандарды даярлау. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне кеңінен енгізуге де баса назар аударды. Ол үшін әр оқушының қарым-қабілетіне сәйкес жеке оқыту бағдарламасын әзірлеудің де маңыздылығын айтты. «Соның нәтижесінде жастардың әлеуеті мен оқуға ынтасы артады», - деді Президент.