E-Gov жаңа деңгейге өтеді

E-gov жүйесі жасанды интеллектке негізделген AI-Gov мемлекеттік басқару моделіне көшпек.

Бұл туралы бүгін Астана Оупен Диалог тәуелсіз аналитикалық платформасының 3-отырысында айтылды. Жиында жасанды интеллектіні мемлекеттік қызметке енгізудің әлеуметтік-экономикалық салдары талқыланып, цифрлық трансформацияның мүмкіндіктері ортаға салынды. Шарада мемлекеттік орган өкілдері мен IT саласының жетекші мамандары, халықаралық ұйым өкілдері бой көрсетті. Қатысушылар жасанды интеллектінің білім беру саласына тигізер әсеріне тоқталып, еңбек нарығына ықпалын сарапқа салды.

Мейір Алпысов, Astana Open Dialogue форумының ұйымдастырушысы:

- Егов ол берілген алгоритмдер иә бізге? Ал Эй ай говқа келетін болсақ – ол келешектің қадамы. Түбі, мақсаты – бәрі бір болады. Алайда интерфейс өзгеруі мүмкін. Адаммен, тұтынушымен, қолданушымен тәжірибесі өзгеруі мүмкін.