Марқакөлде баспана құрылысы жанданды

Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында баспана құрылысы жанданды. Жақында сегіз үй қолданысқа беріледі.

Тұрғын үй құрылысы мұнымен бәсеңдемейді. Өйткені ауданда кадр мәселесі өзекті. Мамандарды шекара шебінде жұмыс істеуге ынталандыру үшін баспанамен қамту маңызды. Осыған орай ескі коммуналдық   үйлер де қалпына келтіріліп жатыр.   

Әсел Қайырбекова, Марқакөл ауданы әкімінің орынбасары:

-  Аудан бойынша негізі 194 отбасы көпбалалы ретінде тіркелген. Соның ішінде тұрғын үйге мұқтаж жандар кезекке тұрған 20   отбасы бар. Бүгінгі күні біз 20 отбасын толықтай үймен қамтамасыз етеміз.