Елімізде Aitu мессенджерін дамыту жалғасады
Отандық IT мамандары Aitu ұлттық мессенджерін ілгерлетуді жалғастыруда, деп хабарлайды 24kz.
«Жоба авторлары бұл хат-хабар алмасу қосымшасының артықшылығы – барлық қызмет көрсету құралдары ел аумағында орналасуында», - дейді. Тиісінше, деректер барлық талапқа сай қорғалып, жүйені азаматтар үшін барынша сенімді етеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамытуға арналған кеңесте жеке деректер қолданылатын барлық хабар алмасу құралдарын тиісті деңгейде қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру тетіктерін әзірлеуді тапсырған.
Нұртай Әбілғалиев, BTS Digital бас директоры:
- Мемлекет тарапынан қарайтын болсақ, деректерді сақтаудың барлық талаптарына сай келу жағынан үлкен артықшылық бар. Біздегі дарлық деке деректер цифрланған, яғни, қорғалған түрде сақлатып, ел аумағынан шығарылмайды. Қолданушылар үшін осындай жағдай жасауға басымдық бердік. Aitu-ға дауыс беретін де біздің қолданушыларымыз болады. Біздің команда ыңғайлы әрі пайдалы өнім шығаруға бар күшін салды.