Ә. Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі дайындаған туынды Третьяков галереясына қойылады
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі дайындаған «Қазақстан өнерінің жауһарлары» Мәскеудегі Третьяков галереясына қойылады.
Іс-шара Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында өтеді. Ресей халқы қазақ суретшілерінің еңбектерімен танысады. Биыл Қастеев музейіне 90 жыл толып отыр. Республикадағы жетекші арт-ұйым Ұлттық мәртебеге ие болды, сонымен қатар, маңызды ғылыми-көрме жобаларымен де ерекшеленді. 90 жылдыққа орай музейдің бай тарихы мен көпқырлы қызметін қамтитын дәстүрлі «Қастеев оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды. Музей тек өнер туындыларын ұсынып қана қоймай, ауқымды зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Қорда 26 мыңнан аса туынды бар. Онда қазақ халқының өнері мен рухани мұрасы қамтылған. Туындылар қатарында кескіндеме, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер жауһарлары бар. Олардың ішінде түпнұсқалары да кездеседі.
Гүлайым Жұмабекова, Ә. Қастеев атындағы қр ұлттық өнер музейінің директоры:
- Музейдің 90 жылдығына орай Орал Таңсықбаевтың Өзбекстаннан екі мемлекет басшысының қатысуымен көрме ұйымдастырдық. Ол көрме Орал Таңсықбаевтың шығармашылығына арналды. Қазан айында біз музейдің қорынан «Қазақстан жауһарлары» атты тақырыпта, 40-тан аса жұмыстарды Третьяков галереясында қою жоспарланып отыр. Ол біздің Қазақстанның мәдени күнінің өтуіне орай.