Digital Bridge форумының тарихы

Digital Bridge форумының тарихына шолу жасасақ.

Басқосу алғаш рет 2018 жылы өтті. Алаңда 50-ден астам қазақстандық және халықара лық сарапшылар сөз сөйледі. Ал 2019 жылы 25 елден 5 мың қатысушы келіп, Қазақстанның цифрлық әлеуетін таныды. 2021 жылы Astana Hub экожүйесіндегі 558 компания 166 млрд теңге табыс әкеліп, экспорт 50 млрдқа жетті. Сондай-ақ 30 стартап өз жобасын таныстырды. 2022 жылы форум рекорд жаңартты. 25 мыңға жуық қатысушы, 300 IT-компания, 150 инвестор Астанада бас қосты. Халықаралық шарада GovTech, жасанды интеллект, блокчейн, цифрлық валюта сынды тақырыптар талқыланды. Нәтижесінде 29 келісімшартқа қол қойылды. Тікелей келіссөздерде қабылданған шешімдер қазақстандық IT-нарықты жаңа серпінге шығарды.  2023 жылы Digital Bridge халықаралық сахнадағы орнын бекітті. 30 елден 30 мың адам қатысып, шараға 300-ден аса IT компания, 100-ден астам инвестор жиналды. Ал бүгінгі IT-форумға 100 елден 67 мың қатысушы, мың спикер, 500 стартап және 500 инвестор қатысып жатыр.