Тамирлан Тілеулес: «Қазақтың күшін көрсеттік»
Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Айти–Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында филиппиндік Курт Барбосаны жеңіп, алтын медаль иеленді. Жеңістен кейін спортшы жарыстағы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақ еліне қолдау көрсеткені үшін көп рақмет айтамын. Қазақстан тарихында таеквондодан алтын медаль болмаған еді. Бүгін сол тарихи жетістікті жасадық. Әлі алда әлем чемпионаты мен Олимпиада бар. Осымен тоқтамаймыз. Бұйырса, бұдан да биік белестерді бағындырамыз. Қазақтың туын желбірете берейік, – деді Тамирлан Тілеулес.
Спортшы Азия ойындарындағы әр жекпе-жектің оңай болмағанын айтты.
Маған бұл жарыста өте қиын болды. Екінші жекпе-жегімде үш дүркін әлем чемпионы атанған ирандық қарсыласпен кездестім. Кейін кореялық спортшымен шықтым. Финалда да филиппиндік қарсыласым оңай болған жоқ. Барлығын жеңіп, қазақтың күшін көрсеттім, – деді спортшы.