Энергетика саласында ЖИ қолданылады
Алда коммуналдық төлемдерді жасанды инттеллект есептеуі мүмкін. Сол секілді ақылды апараттар энергия желілерінің жағдайын бақылап, ақауларды алдын ала анықтауға жәрдемдеседі.
Иә, Энергетика секторында цифрлы технологиялар кеңінен қолданылып келеді.
Тұрғындардың газды тұтыну көлемін енді жасанды ителлект есептейді. Жауаптылар мобильдік қосымша ойлап тапты. Нейрожелі төлем жасауға да көмектеседі. Ол үшін есептеуіш құралды суретке түсіріп, жүйеге жүктесеңіз жеткілікті. Тіпті алда газ пешіңіздегі ақауды анықтауға да жәрдемдеседі. Осының өзінде жаңа бағдарламаны 200 мыңнан астам қазақстандық қолданып үлгерді. Алда тұтынушылардың санын 2,5 млн-ға жеткізу жолспарланып отыр.
Дамир Гуламов, компанияның Ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары:
- Болашақта мобильді қосымшада газға арналған ақпараттың бәрі болады. Мәселен, ай сайынғы квитанцияда қанша төлену керек, тұтыну көлемі және авариялық өтініш болса қосымша арқылы жібере аласыздар. Болашақта қосымшаны қолданған тұтынушылар бакнтер арқылы кешбэк ала алады.
Ал электр желілерінің жай-күйін дрондар бақылайды. Бағана басындағы сымдарды қолмен тексеретін күндер келместің кемесінде қол бұлғап тұр. Өзі ұшатын ақылды апараттар әуеден шолып, суретке түсіреді. Ал жасанды интеллект таспаланған фотоны талдап, ақауларды анықтайды.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:
- Мұндай тәсіл мұнай саласында бұрыннан қолданылып келеді. Ал қалалардағы инфрақұрылым үшін жаңадан пайда болды. Бұл жылан тәрізді ұзын құрылғы, көлемі үлкен, көп датчигі бар. Міне, робот құбыр арқылы өтіп, оның 3D моделін жасайды және қай жерде ақаулар, тоттар, кептелістер бар екенін анықтайды. Бұл уақытылы мониторинг жүргізіп, дер кезінде әрекет етуге көмектеседі.
Иә, жаһан жұрты жасанды интеллектінің игілігін көріп отыр. Біз де мұндай мүмкіндіктен қалыс қалмауымыз қажет. Бұл жайлы Президент те баса айтқан еді. Мемлеккет басшысы үш жылда цифрлы елге айналу керек екенімізді ескертті.
Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Марат Диханбаев