Болашақта Каспий жасыл энергетикалық дәлізі құрылады

Бүгінде бұл аймақ елдері үшін стратегиялық маңызы бар бастамаға айналып отыр. 

Кейінгі екі жылда жүргізілген келіссөздердің арқасында Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жүйелік операторлары бірлескен кәсіпорын құрып, бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Сондай-ақ халықаралық қаржы институттарының қолдауымен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, бұл дәліз – Орталық Азиядан Еуропаға дейін таза энергия жеткізетін сенімді көпірге айналады.