Оралда коммуналдық қызмет мамандары студенттерге экология сабақ өткізді
Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Қатысушыларға қоқысты сұрыптау, қаланың тазалығын сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау жайында ақпарат берілді. Оған 100-ден астам адам қатысты.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
- Мұның барлығы болашақ ұрпақ үшін жасалып жатыр. Болашақта жастарымыз экологиямызды, қоршаған ортамызды әрдайым қорғап, салауатты, таза Қазақстанды сақтасын деген мақсатта осындай шараларды жүзеге асырып жатырмыз.