Шайқорық станцияндағы өткел апатты жағдайда тұр

Тараздың іргесіндегі Шайқорық станцияның тұрғындары дабыл қағып отыр. Себебі елді мекен мен қаланы бөліп тұрған өткелдің бетон тастары жарылып, апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, қар жауғанда көліктердің тайып, каналға түсіп кеткен жағдайлар болған. Шайқорық станциясында 150-ге жуық түтін бар. Тұрғын үй алабының бір жағы - теміржол, ал екінші беті - су арнасы. Демек көлік қатынасы үшін өткелдің стратегиялық маңызы зор. Себебі жұрт жалғыз көпірмен қалаға шығып, оқушылар мектепке барады. 

Рахат Шахаев, Шайқорық станциясының тұрғыны:

- Мына жақтың Шайқорықтың бүкіл адамдарының бәрі айналып жүрмейді, осы жермен шығады бәрі. Сабаққа да осы жермен барады кішкентай балалар. Сабақтан осы жерден қайтады. Мынау сынса, қаншама халық өткелсіз қаламыз. Екі-үш рет жиналысқа барғанбыз. Алдындағы әкімдер бар келесі әкімдер бар, бәрі құрғақ уәдемен қатырып жатыр. 

Тұрғындар тозған өткелді өз күшімен жөндеп әлек. Дегенмен алғашқы жауыннан соң бәз-баяғы қалпына келеді. Тіпті былтыр қыста бірнеше көлік осы жерден каналға құлаған. Содан бері апатты көпірге жедел жәрдем қызметі жоламайтын болған.  

Рахима Алпамысова, Шайқорлық станциясының тұрғыны:

- Алдыңғы жылға біз смета жасап көрейік, ол қолдау тапқан жағдайда алдағы уақытта жасайтын боламыз. Бірақ дегенмен оны күттірмей қазір 1-2 аптада мынаны қалыпқа келтіріп тұрғындарға кедергі келтірмеуіміз керек. Өздеріңіз көріп тұрсыздар Скл көпірдің жағдайы қазір өте төмен жағдайда. 1-2 аптада қалпына келтіріп, автокөлік жүруіне кедергі келтірмейтіндей жағдай жасаймыз.

Тұрғын үй алабы былтыр қала аумағына қосылған, деп хабарлайды 24kz.

Сол себепті жаңа көпір салу мәселесі келер жылы шешімін табады, дейді жергілікті билік өкілдері. Әзірге демеуші тартып, уақытша жөндеу жұмыстарын жүргізбек.

Жарқынбек Шоғалов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Алдыңғы жылға біз смета жасап көрейік, ол қолдау тапқан жағдайда алдағы уақытта жасайтын боламыз. Бірақ дегенмен, оны күттірмей қазір 1-2 аптада мынаны қалыпқа келтіріп, тұрғындарға кедергі келтірмеуіміз керек. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, көпірдің жағдайы қазір өте төмен жағдайда. 1-2 аптада қалпына келтіріп, автокөлік жүруіне кедергі келтірмейтіндей жағдай жасаймыз.

Таразда тозығы жеткен тағы екі көпір бар. Олар қаладан шыға берісте орналасқан. Бірін жөндеуге 5 млрд-тан аса теңге қажет болса, екіншісінің жобасы енді жасалып жатыр.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә