Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-саттық дамып жатыр

Ертең Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммиті өтеді. Келелі кеңеске Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады. Жиында экономика, азық-түлік қауіпсіздігі мен климат мәселелері қаралады.

Бауырлас Әзербайжан елімен сауда байланысымыз белсенді. Биыл 6 айдың ішінде арадағы тауар айналымының көрсеткіші 331,7 млн долларға жеткен. Негізінен қазақстандық экспорт басым. Қаңтар-шілде айлары аралығында Каспий асқан тауарлар құны 281,7 млн долларға жетті.

Әзербайжанға жөнелтілген тауарлардың көшін бидай бастады. Сонымен қатар бауырлас елге мұнай шикізаты мен өнімдерін, күріш, шоколад, какао сынды тауарлар экспортталған. 

Ал осы аралықта Әзербайжаннан келген импорттың көлемі 50 млн долларға жетті. Негізгі тауарлар – турбореактивті қозғалтқыштар, газ турбиналары, құбырлар, этилен полимерлері мен жеміс-жидектер.