СҚО-да құстар пастереллёзден қырылды
Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарының неден қырылғаны белгілі болды. Соңғы сараптама қорытындысы бойынша, өлекселерден пастереллёз ауруы шыққан.
Өткен аптада Бугровой ауылында 3 мыңнан аса қаз, үйрек пен тауық өліп қалған еді. Ветеринарлар олардан құс тұмауын растаған жоқ. Демек бұл жағдайда тұрғындарға өтемақы төленбейді. Себебі Үкімет қаулысына сәйкес, пастереллёз аса қауіпті аурулар қатарына жатпайды. Енді жергілікті билік көмек берудің басқа жолдарын қарастырып жатыр.
Ербол Бәгенов, Қызылжар аудандық Ветеринария станциясының директоры
- Аудан әкімі ертең 14 адаммен кездесіп, шаруашылықтағы мәселені қарайды. Сол кезде бюджеттен қарастырылатын субьектілердің жағдайы шешіледі. Оларға өтемақы төлеп, көмек көрсету жолдарын шешеміз.