Шымкентте электронды білезіктер арқылы 56 ереже бұзу фактісі тіркелді
Шымкентте электронды бақылау білезіктері арқылы 56 ереже бұзу фактісі тіркелді.
Бұл жүйе пробация қызметінің жұмысында тиімді құрал екенін дәлелдеді. Электронды білезік сотталғандардың аяғына тағылып, қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылайды. Кім де кім құрылғыны шешуге әрекеттенсе, жүйе автоматты түрде инспекторға хабарлама жібереді. Осылайша пробация қызметі құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, қайталанатын қылмыстардың алдын алады. Сонымен қатар мегаполисте «Кибербақылау» жүйесі енгізілген. Бұл жоба арқылы пробация инспекторлары электронды картадан бақылаудағы тұлғалардың қозғалысын нақты уақыт режимінде көре алады. Егер адам рұқсат етілген аймақтан тысқары шықса, бағдарлама бірден ескерту сигналын жібереді. Жалпы Шымкент пен Түркістан облысында электронды жүйеге 421 адам тіркелген.
Айбек Тәңірбергенов, қалалық және облыстық ҚАЖД пробация қызметінің бастығы:
- 173 бұзушылық адамның 72 сотталған азаматтың жазасы бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылды. Электронды білезік таққалы бері пробация есебіндегі азаматтар арасында қайта қылмыс жасау дерегі төмендеген. 9 айдың қорытындысын есептегенде 25 дерекке азайған.