Сәтті сұхбат алудың сыры
Сұхбаттың сәтті өтуі үшін не маңызды?
Әңгімелесу барысында интервьюер нені ескерген жөн? Осы сауалдардың жауабын бүгін болашақ тілшілер арнайы шеберлік сабағында білді. Еуразия ұлттық университеті студенттеріне 24 кз арнасының журналисі, тележүргізуші Бақыт Топтаева дәріс берді. 15 жылдық тәжірибесіндегі түйген, білгенімен бөлісті. Тележурналистика әліппесінен бастап, түрлі жанрдағы ақпараттық топтама дайындаудың қыр-сырымен бөлісті. Шара "Хабар" агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Кездесу барысында болашақ төртінші билік өкілдері көкейдегі көп сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.
Бақыт Топтаева, 24KZ арнасының тілшісі:
- Хабар агенттігі жанынан былтыр телевизия мамандықтарының академиясы ашылған. 1 жылдың көлемінде бірталай шәкіртке дәріс беріп, біраз тәжірибе жинақтадық. Бүгін ЕҰУ-дың бітіруші түлектерінің алдына келіп, білгенімізбен бөлісіп отырмыз.