Енді елдегі ең төменгі жалақы халықаралық стандарттарға сәйкес есептеледі

Бүгін сенаторларлар дамушы мемлекеттердің жағдайын ескере отырып, минималды айлықты реттеу туралы конвенцияны ратификациялады. Құжатқа сәйкес жалақы жұмысшы мен оның отбасының нақты қажеттіліктеріне негізделеді. Сондай-ақ заңмен қорғалып, еңбекақының төмендеуіне жол берілмейді. Мақсат - ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсарту. 

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл медиандық жалақы мен еңбек өнімділігінің негізінде анықталып отыр. Конвенция бізге Қазақстанның қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік диалогты да бекітуге мүмкіндік береді. Түрлі тараптардың бақылауында күшейтетіндігін атап өткіміз келеді.

Қазір Қазақстанда еңбек ететін 800 мыңға жуық азамат ең төменгі жалақы, яғни 85 мың теңгеге жұмыс істейді. Минималды жалақыға жұмыс істейдіндердің көпшілігі ауыл шаруашылығы саласының мамандары.