АХҚО соты биыл 56 іс қарады

Енді Астана халықаралық қаржы орталығының соты жайлы аз-кем ақпарат айта кетсек. Орталықта 10 судья қызмет атқарады.

Олардың барлығы дерлік ағылшын ортақ сот жүйесіндегі әлемдік беделі бар білікті мамандар. Биыл Астана халықаралық қаржы орталығының соты 56 істі қараған. Басым көпшілігі азаматтық және коммерциялық істер. Атап айтсақ, келісімшарттық қарыздарды қайтару, құрылыс жөніндегі даулар және еңбек қатынастарындағы заңсыздықтарға үкім шығарылды. Қаралған істердің 48 пайызы  шетелдік компаниялар қатысумен өтті.