Бүгін – Құтқарушылар күні

Бүгін елде құтқарушылар күні. Төтенше жағдайларда ең алдымен көмекке келетін, түрлі оқыс оқиғалардың алдын алуға ұмтылатын жандардың кәсіби мерекесі.

Бұл күннің таңдалуы бекер емес. 1995 жылы 19 қазанда Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Содан бері азаматтық қорғаныс саласында өзіндік құрылым қалыптасты.