Бруклинде үш қабатты ғимарат опырылып түсті
Нью-Йорктегі халық тығыз қоныстанған Бруклин ауданында үш қабатты ғимарат опырылып түсті. Оқиға орнында 2 адам жан тапсырып, тағы 19-ы ауыр жараланды, деп хабарлайды 24KZ.
Оның жетеуі – бала. Құтқарушылар үйінің астында әлі де адамдар барын айтады. Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 250 мыңдай маман жұмылдырылған. Апаттың неден болғаны белгісіз. Тергеу жалғасуда.