Қазақстандық театр Мәскеуде өнер көрсетті
Отандық Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының Мәскеуде «Үлкен гастролі» өтті.
Шығармашылық ұжым ресейлік көрермендерге «Руслан мен Людмила» және «Сац» қойылымдарын ұсынды. Сахнада ХХ ғасырдың ұлы тұлғалары бейнеленді. Оның ішінде қазақ өнерінің майталмандары Күләш Байсейітова мен Юрий Померанцев бар. Жергілікті көрермен қазақстандық актерлердің өнеріне тәнті болып, жоғары баға берді. Айта кетейік, гастроль Мәскеудегі Қазақстан мәдениеті күндері аясында және Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары қарсаңында ұйымдастырылды.
Олег Гостев, Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар және жастар театрының директоры:
- Наталья Сац театры 80 жылдың ішінде өзінің басты миссиясын – өсіп келе жатқан жас ұрпақты нағыз патриотизм рухында, Отанға деген сүйіспеншілікпен, үлкендерге құрметпен тәрбиелеуді абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар кішкентай адамның бұл дүниеге не бергісі келетінін терең түсінуіне көмекеседі. Театр өз қойылымдары арқылы гуманитарлық-ағартушылық миссия атқаруда.