Астанада жазасын өтеушілер Республика күнін атап өтті

Астана қаласындағы жазасын өтеушілер Республика күнін атап өтті. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесінде  Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма театрының әртістері қойылым қойып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды 24KZ.

Ұйымдастырушылар осындай мәдени-тәрбие бағытындағы іс-шаралар сотталғандардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырады дейді.

Асхат Керімханов, Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің №3 мекемесі тәрбие бөлімінің бастығы:

- Мұндай мәдени іс-шаралар сотталғандардың рухани дүниесін байытуға, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға және  қоғамға қайта бейімделуіне ықпал етеді. Мекеме басшылығы алдағы уақытта да сотталғандар арасында тәрбие, мәдени-ағартушылық және рухани-адамгершілік бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сотталғандар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да қатысты. Олар Астанадағы Ұлы Дала көшесін абаттандыру және тазалау жұмыстарына ат салысты. Бұл іс-шараны қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №3 мекемесі мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған.

Сондай-ақ оқыңыз: