Ақтөбеде жас сәулетшілер байқауы басталды

Ақтөбені абаттандыруға студенттер атсалысады.

Қала әкімдігі «Жаңа идея - жайлы қала» эскиздік жобалар байқауын жариялады. Оған сәулет, ландшафт дизайны, урбанистика, құрылыс, инженерия саласына оқып жатқан жастар қатысады. Басты талап – шаһардағы бос жатқан жерлерді саябақ пен сквер, рекреациялық аймақтарға айналдыру. Жеңімпаздарға қомақты жүлде тағайындалған. Болашақ сәулетшілер қазірдің өзінде бірнеше жоба әзірлеп үлгерді. Солардың бірі ескірген мұнайшылар саябағын заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға арналды. 

Назерке Сапа, студент:

- Қазіргі жағдайы өте нашар. Себебі спорт және олйын алаңдары негізінен резеңкелі жабынмен жасалуы керек. Бірақ ол жерге бетон құйылған. Тек қана қарағаш ағаштары ғана егілген. Және де санитарлық кесу мен күтімді қажет етеді. Осындай бос, мүлде ағаш егілмеген. Ол жерге біз амфитеатрды қоюды жөн көрдік. Амфитеатрда мерекелік шараларды немесе шағын концерттерді қоюға болады. 

Азамат Бекет қала әкімі:

- Жалпы осы студенттердің өз көзқарастарын білгіміз келеді. Қаланың дамуына өте үлкен үлесін қосады деп сенемін. Биыл жарияланған корнкурс жылдың соңына дейін толықтай жүлдегерлері анықталғаннан кейін келесі жылы дәл осы жоба бойынша осы саябақтарды жүзеге асыратын боламыз.