Қазақстанда ауыр қылмыстардың саны азайды
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде қылмыс саны 7%-ға төмендеді. Кісі өлтіру, ұрлық-қарлық бәсеңдепті.
Сонымен қатар елде 20 мыңға жуық қоғамдық көмекші бар. Олардың көмегімен биылғы 9 айда 300-ден астам қылмыс әшкереленді. 15 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Айта кетерлігі белсенділер бұл ісі үшін ешқандай ақы алмайды.
Қоғамдық көмекшілер - 20 мыңға жуық
9 айда 300-ден астам қылмыс ашылды
15 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды