Қызылорда облысында әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын
Қызылорда облысында әлеуметтік нысандар жылыту маусымына дайын.
Көмір қоры да жеткілікті. Биыл қыста облысқа 85 мың тонна қатты отын қажет болса, оның 70 пайыздан астамы жеткізілді. Сондай-ақ биыл 8 шақырымға жуық жылу желісі жаңғыртылды. Нәтижесінде құбырлардың тозу деңгейі 42-ден 40 пайызға дейін төмендеді. Бұған қоса Жалағаш ауданындағы 82 әлеуметтік нысанның жылу қазандығы тексерілді. Мамандардың мәліметінше, ауданға қыста 9 мың 300 тонна көмір қажет. Оның 7 мың тоннаға жуығы тұрғындарға үлестіріледі.
Әнуарбек Дармағанбетов, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары:
- Әлеуметтік нысандардың көмір қоймаларына бүгінгі күні 1880 тонна яғни қажеттілік 75,2 пайыз көмір қоры бар. Қазіргі отын қоры тамыз айынан бастап есептегенде 38 вагон қатты отын келді, темір жол тасымалы арқылы келіп отыр. Жеке кәсіпкерлермен 4380 тонна көмір жеткізілді. 1720 тоннасы автокөлік тасымалымен жеткізіліп отыр. Қазіргі таңда 3 мың тонна көмір қоры бар. Аудан толық отын қорымен қамтамасыз етілген.