Бүгін - Республика күні. Сауалнама
Республика күніне орай елде 196 жаңа нысан пайдалануға беріледі. Олардың арасында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап әлеуметтік, спорттық және инфрақұрылымдық жобалар бар.
Олардың барлығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асып жатыр. «Республика күні - елдің басты ұлттық мерекесі. Бірлік пен тәуелсіздіктің нышаны. Күллі қазақ үшін үлкен мереке», - дейді ақтөбеліктер.