Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Ақорда алаңында Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. 

Республика күніне және Қазақстанның Егемендік туралы декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған шараға Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Құрмет қарауылының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады.