Елдегі 5 ЖОО әлемде үздік деп танылды

Елдегі жоғары оқу орындарының беделді халықаралық рейтингтерде жақсарып келеді.

Бұған дәлел 5 университеттің Times Higher Education басылымы ұсынған әлемдегі үздік оқу орындарының тізіміне қосылуы. Ақжолтай хабармен Мемлекет басшысы бөлісті. Осы жайтқа QS халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли баяндамасында кеңінен тоқталыпты. Ол Қазақстан университеттерінің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өткен. Ортақ мақсат жолында күш біріктіріп, әріптестігімізді нығайта түсуге мүдделіміз, бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.