Астанада жаңа саябақ ашылды

Астанада жаңа саябақ ашылып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Қалдаяқов көшесінде орналасқан демалыс орны бір гектар аумақты қамтиды. Онда футбол, баскетбол, воркоут алаңдары мен балалар ойын алаңқайы бар. Қосымша 400-ге жуық көшет отырғызылды. 

Бұған дейін бос жатқан аумаққа көпқабатты тұрғын үй кешені салынады деп жоспарланған. Алайда жергілікті тұрғындар оған келіспей, әкімдіктен саябақ салып беруді талап етті.

Гүлмира Дінисламова, қала тұрғыны:

- Бұл жерде кішкентай балаларға ойын алаңы бар. Үлкен егде адамдар отыратын скамейкалар қойылған. Ағаштар көп болған соң ауа да таза болады. Көктемде гүл егеміз деп жатырмыз. Өте керемет. Қуаныштымын.