Жезқазғандағы мектептерде «Таза Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтті

Жезқазғандағы білім ошақтарында «Таза Қазақстан» тақырыбында жаппай ашық сабақ өтті.

Мақсат – экологиялық акцияны қолдау және балаларды ерте жастан қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.  Сабақта бастауыш сынып оқушылары табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, қоқысты сұрыптау  тақырыбында түрлі тапсырмалар орындады. Жалпы өңірде көктемнен бері кең көлемде 30-ға жуық сенбілік өтті. Тәрбие сағаттарынан бөлек алдағы уақытта оқу орындары мен кітапханаларда түрлі дәріс пен челлендждер ұйымдастырылады.

Ақжарқын Тәкішова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Мақсатымыз – балаларды жалқаулықтан арылту, бірге жұмыс жасау, мейірімділікке үйрету, табиғатымызды қорғау. Барлығын біріктіре отырып, біз аптаның бір күнінде арнайы тәрибе сағаты өтіп отырады. Соның ішінде 10 минуттық жазбаша да, түсіндірме де, тіпті өздерімен сыртқа шығып та аймақты тазалауға, өздерінің үлестерін қосуға әрекет жасаймыз.