Қазақстанда 117 мың мүгедектігі бар бала есепте тұр
Бүгінде елде 744 мың мүгедектігі бар азамат есепте тұр. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, өмір сұру сапасын жақсарту – Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі.
Тіркеуде тұрған адамдардың 55%-і еңбекке қабілетті жаста. Ал 213 мыңы, яғни 29%-і зейнеткерлер. Қалған бөлігі жасөспірімдер екен. Бұл азаматтардың ең көбі 3-ші топтағы мүгедектер. Екінші топта 270 мың, ал бірінші топта 83 мың азамат есепте тұр.