Биыл елімізде 38 жаңа кен орны табылды
Олардың ішінде сирек кездесетін металдар, алтын, мыс және көмір сияқты пайдалы қазбалар бар. Осылайша мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасының негізгі бөлігі түйінделді.
Сирек жер металдарының ірі қоры Қарағанды облысында анықталды. Ол Қарқаралыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 100 шақырым жердегі Құйрықтыкөл учаскесінде орналасқан. Алдын ала деректер бойынша қор көлемі бір млн тоннаға жуықтайды. Сондай-ақ Арал бассейні ауданында мұнай мен газ қоры ашылды. Жалпы Қазақстан аумағында 10 мыңға тарта кен орындары бар. Оның ішінде мыңнан астамы - қатты пайдалы қазбалар.